Әбден музыкалық колледж ұжымымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол шаһардағы дарынды балаларға арналған музыкалық колледжде болды. Оқытушылармен кездесіп, талантты жастардың өнерін тамашалады.

Алпыс жылдан астам тарихы бар колледже қазір 300-ден астам жас білім алып, өнерін шыңдауда. Мұнда халықтық аспап, ән салу, шекті аспаптар секілді 10 бөлім бар. Студенттердің 80 пайызы ауылдық жерлерден. Білім алу тегін. Қарақат Әбден ұстаздармен кездесуде сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Оқытушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Еркін диалог аясында ойларымен бөлісті.

Қарақат Әбден, президенттікке кандидат:

-Ұлттық тәрбиені, ұлттық дәстүрді қоғамға насихаттайтын ол біздің ұстаздар. Осыны ұмытпайымыз керек. Музыкалық колледжге неге келдік? Себебі Өнер, музыка арқылы қоғам тәрбиеленеді. Осы кісілердің жұмыстары өте зор.

Кездесуден кейін кандидат облыстағы өңірлік штабқа ат басын бұрды. Штабта 3 адам жұмыс істейді. Аймақтағы 200 еріктінің 15-і осы Павлодарға тартылған.

Сондай-ақ...