Әуесбаев Астана маңындағы Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесті

Әуесбаев Астана маңындағы Ақмол ауылының тұрғындарымен кездесті

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінен президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев пен жақтастары елорда маңындағы Целионград ауданына қарасты Ақмол елді мекенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халыққа сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партия туралы толық мағлұмат берді. Жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, пікір алмасу болды. Жалпы, бұл Нұрлан Әуесбаевтың үгіт-насихат жұмыстарымен барған алтыншы нүктесі. Жоспар бойынша алдағы үш күн Астана және Ақмола облыстарында іс-шараларға қатысады.

Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

 - Тұрғындар жақсы, көп жиналды 100-ден астам адам болды және сұрақтар да сан алуан болды. Айтылған барлық мәселе бойынша ашық пікір алмасу болды.