Жигули Дайрабаев Ақтөбе облысына барды

Президенттікке "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Ақтөбе облысына барды.

Өңірлік штаб басшылығы кандидатты қарсы алып, туған күнімен құттықтады. Саяси бірлестік өкілдері тары атасы Шығанақ Берсиев атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжіне соқты. Оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Қарғалы ауданындағы көкөніс өнімдерін сақтау қоймасының жұмысымен танысты. Сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды. 

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

- Мен енді аудан әкімін көрген жоқпын, бірақ ризашылығымды білдіргім келеді. Бүгінгі күні қойылып тұрған ең басты мақсат - әрбір ауыл тұрғынын еңбекпен қамту. Жұмыс орнын ашу. Осының төңірегінде Қарғалы ауданы әкімдігінің жұмысы көрініп тұр. Бұл қойманың сыйымдылығы 5 мың тонна. Осыдан 1-2 жыл бұрын ашылған екен. Пияз, картоп, сәбіз. Қазір 70-80 адам сорттап жұмыс істеп жатыр.