Президент сайлауында жастардың рөлі зор

Ертеңгі ел тағдыры бүгінгі жастардың қолында. «BIR TOLQYNDA» жастар диалог алаңында арнайы отырыс өтіп, президент сайлауындағы кейінгі толқынның рөлі туралы айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жастар қауымы реформаларды жүзеге асыру ісінің негізгі қозғаушы күші. Себебі олардың бойында жаңа ой, жаңа көзқарас, жаңа мақсат пен ұмтылыс бар», – деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Салтанат Дженалаева. Ал диалог алаңының модераторы Арсланбек Мағзұм 20 қарашада әр жас азамат өзінің сайлау учаскесіне келеді деп үміттенетінін алға тартты. «Себебі бұл күні біз кандидатқа дауыс беріп қана қоймай, ел тағдырын шешеміз», – деп түйіндеді ол.

Арсланбек Мағзұм, халықтық коалиция белсендісі:

– Біз барлық жастарды келе жатқан сайлауға қатысуға шақырамыз. Өйткені әрбір жас азамат өз таңдауын жасау керек және Қазақстаннның болашағы қандай деген сұраққа өз жауабын осы сайлауда қою керек.