Дайрабаев Аршалы ауданына барды – Ақмола облысы

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев Ақмола облысына барды.

Аршалы ауданындағы диірмен-макарон комбинатының жұмысымен танысты. Тұралап қалған саланың тамырына қан жүгірту жолдары туралы әңгімелесіп, кәсіпкерлермен пікір алмасты.  Мұнан соң Анар ауылының тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасын жұртшылық назарына ұсынды.

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

 -  Бір мекеме бір ауылды асырай алады. Бірақ біз барған диірменнің хал-ахуалы өкінішке қарай нашар.

Қазіргі таңда астық-бидай қымбаттап жатыр. Қазір ол мекеменің жұмысы тұралап тұр. Өздерінің шығаратын астықтарын өңдеді, жөндеді. Енді тұр.