Президент сайлауына 12 миллионнан астам бюллетень дайындалады

Алдағы кезектен тыс президент сайлауына 12 миллионнан астам бюллетень дайындалады

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы осы бюллетенді таныстырды. Заңға сәйкес барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліппе ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған. Бұл жолғы сайлау бюллетеніне «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіліп отыр. Дауыс беру қағазы сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады. Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар. Сонымен қатар халықаралық және шет ел байқаушыларын аккредиттеу мәселесі де басты назарда.

Мұхтар Ерман, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйыммен, 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 22 жылғы 31-ші қазандағы жағдай бойынша орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйыммен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредитациядан өткізу үшін ұсынылды. Аккредитациядан өту үшін осы ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратын болады.