Н.Әуесбаев Шымкент қаласындағы штаб жұмысымен танысты

Оппозициялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың Шымкенттегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бүгін қалалық штабтың жұмысымен танысты. Саяси науқан алдындағы ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың жоспарын пысықтады. Жергілікті БАҚ өкілдерімен де кездесу өткізді. Ал ертең Нұрлан Әуесбав Алматы қаласындағы сайлаушылармен кездеседі.

Нұрлан Әуесбаев, президентікке кандидат:

– Өзіміздің осындағы сайлауалды жұмыстарымыз туралы және осындағы активтердің басын қосып, белсенділердің басын қосып, мен өзімнің атқарып жатқан жұмыстарым туралы және олар өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы барлық мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы атқарылатын жұмыстар туралы біршама келісімдерге келдік.