Президент сайлауында Жамбыл облысы бойынша 493 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Кезектен тыс Президент сайлауында Жамбыл облысы бойынша 493 сайлау учаскесі жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде олар жабдықталып,  дауыс беру кабиналары орнатылып жатыр. Облыстық сайлау комисиясының мәліметінше учаскелер 7 қарашада  дайын болады. Бұл жөнінде семинар кеңесте айтылды. Жиынға орталық сайлау комисиясының хатшысы  Мұхтар Ерман қатысты. Ол дауыс берушілерге сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын  қамтамасыз ету басты мақсат екенін түсіндірді. Жалпы облыс бойынша сайлаушылар саны 700 мыңнан асады. Олар өз сайлау учаскесін жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы Е-Жамбыл.кз сайтынан біле алады. Ал, сайлау күні 1749 байқаушы жұмыс істейді.  Арасында шетелдік коммисия өкілдері де бар.

Серғали Айдапкелов, облыстық сайлау комисиясының төрағасы:

- Алыс мемлекеттерден тағы да 10 бақылаушы келеді. Содан кейін жақын көрші мемлекеттерден келеді. Оның сыртында енді 493 участокте жалпы біздің алдын ала есептеуіміз бойынша, 1479 байқаушы қатысады. 30-35 шет елдіктер. Барлық аудандарда шет елдік байқаушылар болады.