Қарақат Әбденнің республикалық штаб жұмысы қыза түсті

Президенттікке кандидат бүгін кезекті кеңес өткізіп, аймақтарда атқарылған жұмыстарды пысықтады.

Сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер сараланды. Қарақат Әбден бұған дейін еліміздің алты аймағында болып, тұрғындарымен жүздесті. Оның ішінде көп балалы аналармен, іскер әйелдермен, медицина және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен де кездесті. Алдағы уақытта Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облысының сайлаушыларымен кездесу жоспарланған.

Арман Оразғұлов, кандидаттың республикалық штаб жетекшісі:

- Аймақтарда 20 сайлауалды штаб жұмыс істейді. 2 мыңға жуық волонтер тартылды. Үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Өңірлердегі сенімді өкілдер сайлаушылармен кездесулер өткізуде. Тұрғындар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді атсалысуда.