Жигули Дайрабаев ауылға қоғамдық көлікпен барды

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары Алматы облысында жалғасты.

Кандидат пен оның партияластары қоғамдық көлікке мініп, жолаушылармен әңгімелесті. Тұрғындар Талғар ауданына қатынайтын автобустың іргедегі Нұра аулына соқпай кететініне шағымданды. Осыған байланысты жергілікті жұртшылық елді мекенге жету үшін шамамен 4 шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Саяси бірлестік өкілдері сондай-ақ Нұра аулындағы мектеп пен аурухана жағдайымен танысты. Халықпен кездесті. 

Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

- Бүгін біз штабымызбен және кандидатымызбен бірге Алматы облысы маңындағы Нұра ауылына келдік. Бұл ауылдың өзінің ерекше статусы бар. Шалғайдағы елді мекен емес. Мегаполис маңындағы ауыл. Барлық адам өз күшімен жасап жатыр. Балаларға жаны ашып, балабақша ашып отыр.