Елдегі саяси ахуал өзгереді

Жаңартылған Конституция елдің бірлігін, болашаққа деген сенімін нығайтуы тиіс. Билік құрылымдары мен басқару ісіндегі оңтайландыру осыны көздейді.

Президенттің бүгін бірқатар заңға қол қойып, құжаттың тың өзгерістерге бастайтынын айтты. Бұған сарапшылар не дейді? 

Президент өз сөзініде "Мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол аштық. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайттық. Конституциялық реформа Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады" деп атап көрестті. Бұдан былай әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттары қатаң сақталуға тиіс.  

Мұрат Әбенов, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Бүгінгі қол қойылған өзгерістер, негізінен бізге парламентті жаңадан қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Жаңадан қалыптасу дегеніміз отыз пайыз депутаттар алдағы уақытта партиясыз тікелей сайлана алады. Әрине бұл өзгеріс алдағы уақытта біздің саяси жағдайды өте күрделі өзгертеді дегенге сенемін. 

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президент бірнеше үлкен конституциялық заңдарға қол қойды. Ең ішіндегі ірісінің бірі ол Қазақстандағы қайта соттың жаңғыруы. Осы күннен бастап Қазақстанның әрбір азаматы өзінің құқықтарын қолдауға және конституцияны шын мәніндегі тікелей заңға айналдыруға мүмкіндік беретін заң деп айтуға болады.Сонымен қатар саяси заңдардың көбісіне өзгерістер енгізілді.

Бөріхан Нұрмұхамед, саясаттанушы:

- Бүгін президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірнеше конституциялық басқа да заңдарға қол қойды. Бұл заңдар Қазақстанның түбегейлі өзгеруіне, жақсы дұрыс жолға шығуына мүмкіндік жасайтын заңдар.

Халықтың таңдауы болады

Енді Мәжіліс пен облыстық мәслихат депуттарының бір бөлігі, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты округ бойынша сайланады. Соның нәтижесінде өкілді органдар шынайы халық билігі тармағына айналмақ. Келер жылыа Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы жаңа, барынша әділ және ашық ережелер бойынша өтеді

Айгүл Орынбек, қоғам белсендісі:

- Бүгін тарихи күн.Әсіресе мынау ауыл халқына мемлекеттен,биліктен үлкен үміт күтіп отырған әкімдердің сайлауы халықтың өзінің таңдау жасау арқылы жергілікті жерлерге өздерінің таңдаған адамдарын сайлайды.

Ерлан Сайыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүгін Қазақстан Республиксындағы саяси реформалар жөнінде үлкен айтулы күн. Біздің елдегі сайлау процессі өзгеретін болады.Партияларды құру жеңілдейтін болады. Біздің еліміздегі саяси реформалардың эволюциялық нақты қадамдары жасалды деп айтуға болады

Халықтың жайлы тұрмысы үшін

Президенттің айтуынша, еліміздің басты байлығы – бұл біздің халқымыз және оның жайлы тұрмысы. Осы орайда заңымызға енгізілген жаңа ережелердің айрықша мәні бар.

Уайс Ерсайынұлы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

- Осы уақытқа дейін біздің айтып келген халықтың күткен өзгерісі, осы конституцияға енгізілген өзгерістердің барлығына бүгін нүкте қойылып отыр. Бұдан басқа бірнеше өзгерістер бар. Бұлардың барлығы біздің еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін жаңа механизмдерге жол ашып жатыр.

Абзал Құспан, құқық қорғаушы:

- Биылғы жылы біздің кезімізде айтылған көптеген сын-пікірлердің ескеріліп жаңадан сапалы конституция нұсқасының пайда болғандығын ашық айта аламын. Атап айтсақ, жердің шет елдіктерге сатылмауы, ауыл шараушылық мақсатындағы жерлердің жалға берілмеуі туралы талап. Бұлдардың барлығы болашақта азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында, азаматтардың конституциялыұ құқықтарын сақтау мақсатында қосымша кепілдік ретінде конституцияда көрініс тапқандығын ризашылықпен қабыл алдым.

Конституциялық реформа еліміздің мемлекеттік құрылымының тұғырын нығайтады. Түптеп келгенде бұл қадамдар халықтың әл-ауқатын арттыру, еліміздің болашағын баянды етудің алғышарты іспетті.