Қазақстанда саяси партия құрып, оны тіркеу процесі жеңілдеді – Әділет министрлігі

ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партияларды тіркеуге қойылатын талаптар өзгереді. Ендігі уақытта саяси партияны тіркеу үшін 20 мың емес, 5 мың мүше жеткілікті. Ал өңірлік өкілдіктерінің саны 600-ден 200 адамға дейін азайтылды. Сол сияқты саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең азы 1 мыңнан 700 адамға дейін төмендетілді.

Одан бөлек, «партия құру жөніндегі құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұлғайту бойынша түзету көзделген»,- деді Алма Мұқанова.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Сайлау заңнамасына өзгерістер енгізуге, Конституциялық Сот құруға, Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палатаға айналдыруға, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәртебесін нығайтуға байланысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.