Мемлекет басшысы Бекет ата жерасты мешітіне барып, зиярат етті

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Бекет ата жерасты мешітіне барып, зиярат етті, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи орында жергілікті ақсақалдармен әңгімелесіп, елдік мәселелерді талқылады. Кездесуде аймақтың дамуына тың серпін беру керек екенін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстарды тікелей  өз бақылауында ұстайтынын айтты. Ел басшысы мұнда 2019 жылы Президент лауазымына кіріскен кезде келгенін де еске салды.