Қазақстан мен ЕО меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Еуроодақ стратегиялық әріптестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның Әлем көшбасшылары саммиті аясында Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен меморандум бекітті. Енді маңызды құжат аясында Қазақстанның ЕО өнеркәсіптік альянстарымен қаржылық және технологиялық ынтымақтастығын орнатуына жағдай жасалады. Еуропалық комиссия Президенті Еуроодақ Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының бірі болып табылатынын, сондай-ақ бүгін қол қойылған меморандум бұл қатынастарды одан әрі кеңейте түсетінін атап өтті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі және маңызды сауда серіктесі. Еліміздің сыртқы саудадағы үлесінің шамамен 30% Еуроодаққа тиесілі. Сонымен қатар біз инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша әлеуетіміздің зор екенін көріп отырмыз.

Қазақстан еуропалық бизнес үшін тартымдылығы жоғары әртараптандырылған энергия көздеріне, транзиттік-көліктік әлеуетке ие және табиғи ресурстарға бай.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еуропалық комиссия президенті:

- Біз осыған дейін қалыптасқан өзара терең қарым-қатынасымыздың жаңа парағын аштық. Еуропалық Одақ пен Қазақстан көп жылдан бері берік экономикалық байланыстарды дамытып келеді. Еуропалық Одақ – тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 60% құрайтын Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвестор. Біз стратегиялық өндірістік тізбектеріміздің интеграциясын нығайту бағытында бірге жұмыс істейміз.

Сондай-ақ...