Мұнайлы өңірдегі туризмді дамыту – маңызды міндет – Тоқаев

Өлкенің тарихи-мәдени мұраларына айрықша мән беру қажет.

Мұнайлы өңірдегі туризмді дамыту – маңызды міндеттің бірі - деді Мемлекет басшысы. Алдымен Сарайшықты ел ішінде және шет мемлекеттерде дәріптеуге болады. Ол үшін  «Орта ғасырлық Сарайшық» жобасын аяқтау керек. Сондай-ақ көне қаланың орнын туристік нысан ретінде дамытуға арналған тұжырымдама әзірлеу қажет. Әсіресе мәдени туризм саласын цифрландыруға баса мән берілмек. Мұнда экологиялық және танымдық туризмді дамытуға мол мүмкіндік бар. Президенттің айтуынша, бұл жер лотостың ең қиыр солтүстіктегі мекені. Өзіміздің қызғалдақ сияқты лотос алқабын да танымал ету үшін нақты шаралар қабылдаған жөн. Осындай таңғажайып дүниелер туралы фильмдер түсіріп, оларды шетелде белсенді түрде дәріптеуіміз қажет.