loader


Сайлауалды телевизиялық пікірсайыс «Хабар» арнасында өтеді

Президент сайлауына кандидаттардың сайлауалды телевизиялық пікірсайысы өтетін күн белгілі болды.

Кандидаттар пікірсайысы 11 қарашада "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде сағат 20:00-де өтеді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды. Пікірсайыс регламенті мен қатысушылар тізімі де бекітілді. Эфир уақыты 80 минуттан кем емес, екі тілде жүргізіледі. "Хабар" арнасы сайлау алдындағы пікірсайыс регламентін әзірледі. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, эфир уақытының ұзақтығы қарастырылған. Пікірсайыс 4 раунд бойынша өткізіледі. Әр раундта кандидаттар өз бағдарламалары бойынша баяндама жасап, қарсыластары мен сайлаушылардың сауалына жауап береді. 

Анастасия Щегорцова ҚР ОСК мүшесі:

- Сайлау алдындағы пікірталастарды өткізу тәртібі қарастырылған. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар тілі, эфир уақытының ұзақтығы қарастырылған. Телевизиялық пікірсайысқа қатысушылар: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы. Сайлау алдындағы пікірсайыстар мен пікірталастарға қатысу үшін кандидатураларды ҚР президенттігіне кандидаттардың сайлау штабтары ұсынды. 

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды.

Сондай-ақ...