loader


Ерұлан Жамаубаев: Мемлекеттік сатып алу жүйесі өзгереді

Мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңартылады. Қазір тұжырымдама әзірленіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолданыстағы жүйе мен заңнама тым күрделі әрі ыңғайсыз. Соның салдарынан сатып алу байқауына қатысу үрдісі ұзақ және баяу жүреді. Бұның соңы қаржы игеруді тежеп, сапасыз тірлікке әкеп соғып жатыр. Бұл жөнінде Үкімет басшысының орынбасары-Қаржы министрі «Бетпе-бет» бағдарламасында айтты. Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, заңды оңтайландыру керек. Заңнамада халықтың да, бизнестің де, тексерушінің де мүддесі ескерілуге тиіс.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі:

- «Оңтайлы халықтың мұқтаждығын тез шешетін бір заң болса», – дейді. Бізде конкурстық процедуралар ұзақ жүреді. Одан кейін бірінен ұтылғаны барып шағымданады. Арғы жағында тексерушілер тұрады. Уақыт жоғалтамыз. Одан кейін игеру дұрыс болмайды. Қашан жасаймыз енді осыны? Осы заңның қазір тұжырымдамасы қалыптастырылып жатыр. 2023 жылдың ортасына дейін жазып шығамыз деген ойымыз бар. 

 

Сондай-ақ...