Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Астанада шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Президенттікке «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Астанадағы шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарапайым заттар экономикасының ауыл шаруашылығы саласынан бастау алатынын айтты. Сонымен қатар, елордадағы тігін фабрикаларының біріне барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл фабрикада 4 шеберхана жұмыс істейді. Олар трикотаж, шұлық, шеврон және әскери салаға қажетті заттар цехы.

Айта кеткен жөн, Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев бұдан бұрын еліміздің оңтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде болды.

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

- Тігін цехінде 70-80-ге жуық тігінші жұмыс істейді екен екі кезеңмен. Бұл кісілердің бәрімен сөйлестім. Айлықтарын білдім, қанағаттандырады. Көбі ауылдан шыққан кісілер. Әр өңірден келген. Ауылда жағдай болса, тұрмыстық мәселе шешіліп, инфрақұрылым болса әрине ауылға баруға болады. Астанаға күн көру үшін келдік, - дейді.