loader


11 қарашада «Хабар» арнасында сайлауалды дебат өтеді

Ертең «Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың сайлауалды телевизиялық пікірсайысы болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дебат тікелей эфирде сағат 20.00-де өтеді. Қазір телестудия пікірсайысқа дайындалып жатыр. Регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Эфир уақыты 80 минуттан асады, екі тілде жүргізіледі.

Бүгін «Хабар» арнасы да сайлау алдындағы пікірсайыс регламентін әзірлеп қойды. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, эфир уақытының ұзақтығы қарастырылған. Дебатта 4 раунд болады. Әр раундта кандидаттар өз бағдарламалары бойынша баяндама жасап, қарсыластары мен сайлаушылардың сауалына жауап береді.

Сондай-ақ...