Мемлекет басшысы боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау білдіріп, жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлына қолдау білдіріп, жеделхат жолдады.

"Ол нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген спортшы" деді Қасым Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Президент жеделхатта: "Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін" деп жазды.

Айта кетейік, боксшысы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақтағы WBA Regular әлем чемпионы титулы үшін айқаста кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңілгеннен кейін жарақат алып, комаға түскен еді.