11 қарашада «Хабар» телеарнасында президенттікке кандидаттардың сайлауалды пікірсайысы өтеді

Ертең «Хабар» телеарнасында Президенттікке кандидаттардың сайлауалды телевизиялық пікірсайысы болады.

Дебат тікелей эфирде сағат 20.00-де өтеді. Қазір телестудия пікірсайысқа дайындалып жатыр. Регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Эфир уақыты 80 минуттан асады, екі тілде жүргізіледі. Бүгінгі күні "Хабар" арнасы да сайлау алдындағы пікірсайыс рег-ламентін әзірлеп қойды. Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, эфир уақытының ұзақтығы қарастырылған. Дебатта 4 раунд болады. Әр раундта кандидаттар өз бағдарламалары бойынша баяндама жасап, қарсыластары мен сайлаушылардың сауалына жауап береді.