«Партиялық емес бақылау орталығы» Жетісу облыстық филиалы атынан сайлауға 836 байқаушы қатысады

«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы атынан Президент сайлауына 836 байқаушы қатысады.

«Сайлау туралы»  заң аясында 20 тренинг ұйымдастырылып, саяси доданың заңнамалық негіздері мен байқаушылардың мәртебесі жан-жақты түсіндірілді. Біздің байқаушылар бұған дейін өткен ауыл әкімін сайлауға  және референдумға белсенді қатысып, барынша тәжірибе жинады. Сондықтан 20 қараша күні Жетісу облысындағы барлық сайлау учаскелерінде белсенді қызмет еТетін болады», - дейді «Партиялық емес, бақылау орталығы» өкілдері.

Жанат Төлемісова, "Партиялық емес бақылау орталығы" РҚБ Жетісу облыстық филиалының басшысы:

- Олар өздерінің кординаторларымен аудандардағы іс-әрекет алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізеді. Енді барлығымызға белгілі осы сайлау барша халық үшін маңызды оқиға. Сондықтан осы орталық пен біздің байқаушылар осы сайлау процесінің заңды ретінде, ашық ретінде өтуіне өз үлесін салады деп жоспарлап отырмыз.