Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Қостанай облысында шаруалармен кездесті

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың сенімді өкілі Қостанай облысына барып, Заречный ауылының шаруаларымен кездесті.

Бұл кәсіпорын тауарлық және тұқымдық картоп, қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз тәрізді көкөніс өндіреді. Тұқым себуден бастап дайын өнімді сатуға дейінгі үдеріс түгел механикаландырылған және автоматтандырылған, дейді мамандар.

Қайрат Айтуғанов, Ж. Дайрабаевтың сенімді өкілі:

- Қандай мәселелер шешілмей жатыр. Біріншіден жанармай. Ол қымбат деп жатыр. Екіншіден тыңайтқыш қымбаттады. Ал баға... Баға құлап жатыр, неге? Міне шекара.

Кездесу соңында Қайрат Айтуғанов халыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Агроөнеркәсіп кешені мен елді мекендерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Шаруалар көкейдегі сұрақтарына жауап алды.