Президенттіке кандидаттардың телевизиялық дебаты бүгін «Хабар» арнасында көрсетіледі

Президенттіке кандидаттардың телевизиялық дебаты бүгін «Хабар» арнасында көрсетіледіЕлдегі басты саяси пікірталасқа санаулы сағат қалды Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өтетін Президенттіке кандидаттардың телевизиялық дебаты бүгін «Хабар» арнасында көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тікелей эфир сағат 20:00-де басталмақ. Төрт раундқа ұласатын теледебат кезінде кандидаттар сайлауалды бағдарламасын таныстырады.

Сонымен бірге саяси оппо-ненттер бір-біріне екі сұрақтан жолдайды. Пікірталастың соңғы кезеңінде әр үміткер халыққа үндеу тастау, мүмкіндігіне ие болмақ. Сондай-ақ теледебатқа бұл жолы кандидаттардың қолдаушылары қатысуға мүмкіндік алды.  

Берік Уәли, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы:

 - Үшінші раундта үміткерге сұрақ қой деген жаңа айдар қосылды осы жолы. Яғни, әр кез келген Қазақстан азаматы өзінің видеоарнауын, сұрақ қойып, өзінің видеосұрағын жолдауға мүмкіндік алды. Яғни, осы жолы теледебатта осыны қолданамыз. Қазіргі заман ағымына сай, осындай видеосұрақтың болғаны жөн деп есептейміз.