Кандидат Жигули Дайрабаев Абай облысына барды

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Абай облысындағы май зауытына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семей іргесінде орналасқан ірі кәсіпорын майлы дақылдарды өсірумен және оны қайта өңдеумен айналысады. Зауыт басшылығының айтуынша, бүгінде толықтай өндірістік қуатқа шығу мүмкіндігі болмай отыр. Оған себеп, кезінде Украина елінен сатып алынған жабдықтарға сәйкестік сертификатының жоқтығы. Былтыр ашылған зауытқа 13 млрд тг инвестиция тартылған. Қазіргі уақытта 400 адам тұрақты жұмыс істейді.

Серік Байғалиев, өңірлік штаб басшысы:

- Бірсыпыра тізім бойынша мекемелерге барып, жұмысшылармен және қарапайым адамдармен кездесіп жатырмыз. Бағдарламаны айтып түсіндіріп, бізде қандай мақсаттарымыз бар, соны жеткізіп келеміз. Осындай үгіт-насихат жұмыстарын істедік.