Дайрабаев жылыжай жұмысымен танысты

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары еліміздегі ең ірі жылыжайлардың біріне барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызанақтың түр-түрін өсірумен және сатумен айналысатын кешен Алматы облысының Чапаев ауылында орналасқан. Былтыр ғана ашылды. Бұл іске жергілікті әкімдік те қолдау көрсетіп, электр желісін тартуға бюджеттен 100 млн теңге бөлген. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңге. Бес гектар аумақты алып тұрған индустриялық нысан түгел Нидерланды технологиясымен жабдықталған. Алдағы уақытта мұнда тағы қияр мен басқа да көкөніс түрлерін сақтайтын қойма ашылмақ.

Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

- Алынатын өнім өте жоғары. Бұлар жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіреді екен. Негізі экспортқа бағытталған және мынау Алматы мегаполисін қамтамасыз етуге жағдайлары бар екен.

Жандос Тұрсынғалиев, жылыжай директоры:

- Кәсіпорнымызда 110 адам қызмет етеді. Жұмыс жасайтындардың көбі әйелдер, 80 адам.