Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Маңғыстау облысына барды

Президенттікке "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Маңғыстау облысына барды.

Мұнайлы ауданындағы жылқы шаруашылығына ат басын бұрды. Қожалықта Адай, Мұғалжар және ағылшын тұқымдары өсіріледі. Мұнан соң кандидат ұн-жарма комбинатының жұмысымен танысты. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 мың теңге. Зауыт тәулігіне 150 тонна нан-тоқаш өндіруге қауқарлы. Комбинатта әу баста 50-ге жуық адам жұмыс істеген. Қордаланған қарызға байланысты ішкі штат 10 есе қысқартылды. Жалпы қарыз көлемі 450 млн теңге. Комбинат аумағындағы цехтардың бірі істен шыққан.

Анас Баққожаев, "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары:

- Бұл шаруашылықтардың бірінші проблемасы мал азығы. Өздеріңіз білесіздер, былтыр қуаңшылық болған. Соның салдарын былтыр көргенбіз. Биыл жаңбыр көп болып, ылғал көп құдайға шүкір жақсы шықты өнім. Ұн шаруашылығы бойынша негізгі проблема вагондардың жетіспеушілігі. Иә, мемлекет тарапынан арзан бидай берілді. Бірақ оны жеткізуге бізде вагон жоқ.