Елімізде 25 қаржы пирамидасы жойылды

Елімізде ақшаны қолма-қол шығарумен айналысатын 119 топтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысына есеп берген Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов хабарлады.

Бұдан бөлек, 25  ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Тағы сонша қаржы пирамидасы жойылды. Жәбірленушілердің 8 млрд теңге шығыны өтелген. Сондай-ақ цифрлық активтерді пайдаланып, терроризмді қаржыландырумен күрес аясында Агенттік Binance халықаралық криптобиржасымен меморандумға қол қойған.