Президент сайлауына 641 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Елдегі Президент сайлауына 641 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде 10 халықаралық ұйымнан 532 байқаушы, 35 мемлекеттен 109 байқаушы тіркеуден өтті. Олардың Президент сайлауына дайындықты және өткізу барысын толыққанды бақылауы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Бұл жайында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің қатысуымен еліміздегі дипломатиялық корпус өкілдері үшін ұйымдастырылған брифингте айтылды. Айта кетейік, кезектен тыс Президент сайлауы кезінде шет мемлекеттерде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Елімізге 38 мемлекеттен Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келеді.

Монтасер Абузейд, Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Мен 20 қараша күні Президент сайлауын халықаралық байқаушы ретінде қадағалаймын. Бұған дейін Президент  және Парламент сайлауында, сондай-ақ референдумда байқаушы болдым. Дайындық жұмыстары барынша байыпты жүріп жатыр. Қазақ халқын осы демократиялық үрдіспен құттықтаймын.