Салтанат Тұрсынбекова Маңғыстау облысында жауынгерлердің аналарымен кездесті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Маңғыстау облысында жауынгерлердің аналарымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Жиынға Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жас сарбаздардың аналары мен құқық қорғаушылар қатысты. Кездесу барысында кандидат сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Аналардың сұрақтарына жауап беріп, қазір әскердегі қордаланған мәселелерді талқылады.

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:

- Әскери прокуратураның мәліметтері бойынша 10 жыл бұрын еліміздің ҚК қатарында 91 адам көз жұмған. Оның 26-сы — әскери қызметшінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі. Ал 2009 жылы әскери бөлімдерде суицид жасаудың 39 дерегі тіркелген. Құқық қорғау органдарының ресми дерегі бойынша былтыр Қазақстан армиясында 16 адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ал биыл суицидке итермелеу фактісі бойынша он шақты қылмыстық іс қозғалған.