Қ.Тоқаев: Көпбейінді аурухана құрылысын бастау керек

Алматыдағы денсаулық сақтау инфрақұрылымы және қызмет көрсету сапасы да Президент назарынан шет қалмады.

Алматыда емханалар мен ауруханалар әбден ескірген. Тұрғын үйлер салған кезде әлеуметтік нысандар дұрыс жоспарланбайды. "Ал бұл алдымен тұрғындардың өміріне теріс әсер етеді" деген Мемлекет басшысы әкімдікке жаңа медициналық нысандар салып, жаңғырту үшін арнайы жоспар әзірлеуді жүктеді. Бұл шаралар ана мен бала өлімін азайтып, азаматтардың ауыр дерттен сақтануына мүмкіндік бермек. Сонымен қатар алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек жүйесін дамыту қажет. Президент келесі жылы халықаралық деңгейдегі көпбейінді аурухана құрылысын бастау керегін айтты.