Президент Алматы қаласында көлік кептелісін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы транзиттік жүк тасымалын Үлкен Алматы айналма жолына ауыстыруды ұсынды.

Бұл үшін 6 радиалды және 4 ішкі магистралды көше салынады. Үкімет пен жергілікті билік жобаларды қаржыландыру жайын бірге ойластыруға тиіс. Президент: "Алматы агломерациясы аясында кіреберістегі негізгі жолдарды жаңғыртуды жеделдету керек", – деді. Жол демекші, 2025 жылға дейін Алматы көшелеріндегі дизельді автобустардан бас тарту керек. Қалада ескі әрі экологияға зиян келтіретін көліктер жүрмеуі қажет. Тұрғындармен кездесуде Мемлекет басшысы осыны тапсырды.