Президент Алматыда креативті кәсіпкерлермен кездесті

Президент Алматыдағы креативті индустрия өкілдерінің қызметімен де танысты.

Тыңнан түрен салған кәсіпкерлер мемлекет басшысына жасанды интеллектінің бизнестегі әлеуетінің тиімділігін баяндап, старт-ап жобаларды көрсетті. Қасым-Жомарт Тоқаев жас мамандардың жетістіктеріне жоғары баға берді. Креативті секторды мемлекет тарапынан қолдаудың маңыздылығын жеткізіп, кездесуге қатысушылардың бастамаларына табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының  президенті:

- Қазақстан үшін, мемлекетіміз үшін сіздер сияқты озық білімді, көзі ашық көкірегі ояу жастар керек.

Сондай-ақ...