Оралда саясаттанушылар мен «Sarap» сарапшылар клубының өкілдері Президент сайлауын талқылады

Оралда саясаттанушылар мен қоғам белсенділері «Sarap» сарапшылар клубының өкілдерімен бірге алдағы Президент сайлауының маңызы мен ерекшеліктерін талқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 қарашада өз таңдауын жасайтын азаматтардың қалауы елдің ішкі тұрақтылығы үшін ғана қажет емес. Бүгінгідей алмағайып заманда елдің сыртқы саясатта ұстанған бағыт-бағдары да аса маңызды. Бұл ретте Мемлекет басшысына елді жан-жақты дамытумен қатар əлемдік аренада мəртебесі биік, терезесі тең елге айналдыру міндеті жүктелмек. Бас қосуда осы жəне өзге де мəселелерді бірлесіп талқылады.

Бауыржан Серікбаев,  саясаттанушы:

 - Біз осы региондарға шығу арқылы Орал қаласындағы саясаттанушылар бар, социологтар бар, қоғам белсенділері бар əлеуметтанушы, осы азаматтармен кездесе отырып жергілікті жердегі мəселелерді талқылай отырып жəне мемлекеттік бағдарламалардың қалай жүзеге асып жатқанын эксперттік пікір қалыптастыру.