«Адал сайлау үшін» штабының мүшелері өз жұмысын қорытындылады

Штаб негізі «Қазақстан Заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жанынан 27 қыркүйекте құрылған болатын.

Оның мақсаты – Сайлауға қатысушыларға құқықтық көмек көрсету. Бұл тұрғыда штаб мүшелері еліміздің барлық өңіріндегі жоғары оқу орындары қызметкерлері мен студенттерге және үкіметтік емес ұйым өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Белгілі заңгерлер әр өңірдегі кездесу барысында Конституция реформалары, сондай-ақ Сайлау жүйесі жөнінде мағлұмат берді. Сонымен қатар бұл саяси науқанның маңыздылығын айтып, әрбір азамат жарқын болашақ үшін өз таңдауын жасау керектігін жеткізді.

Ермек Әбдірасулов, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:

- 60-тан астам кездесулер болды. Ал интернет жүйесімен қосып айтқанда 80-нен артық деп айтуға болады. Заңды түсіндіріп,  не істеу керек, қалай жүру керек, қандай проблемалар болуы мүмкін, оларды қалай шешу керек екенін жолын орындадық деп санаймыз.