ШЫҰ байқаушылары ОСК төрағасымен кездесті

Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының да байқаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңындағы жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін миссия басшысы Чжан Мин Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездесті. Чжан Мин мырза, ұйым миссиясы құрамында 18 байқаушы аккредиттелгенін атап өтті.

Чжан Мин, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы миссиясының басшысы:

- Миссия мүшелері - байқаушылар өз жұмысын

саяси объективтілік, бейтараптық принциптеріне сай жүргізіп жатыр. Өз миссиямызды адал атқаратынымызға сендіргім келеді. Қазақстан халқының болашағы жарқын болады деп күтеміз. Осы сәтті пайдаланып, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы миссиясына қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның орталық сайлау комиссиясына алғысымды білдіремін.