Қазақстан Еуропаға сирек кездесетін металл экспортын арттырады

Әрі кәрі құрлық елдеріне бірлесіп шикізат өңдеуді ұсынады, . Бұл жайында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстанда өтіп жатқан «Еуропалық Одақ - Орталық Азия» саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Самарқандқа бірнеше елдің сыртқы істер министрлері жиналды. Еліміз экономика салаларын жоғары технологиялар арқылы дамытуды ұсынып отыр. Сондықтан Еуропалық Одақпен осы бағытта ынтымақтастықты нығайтпақ. Тараптар экономика, сауда-саттық, инвестиция және қоршаған орта салаларын ғана емес, Ауғанстан мәселесін де талқылады. Мұхтар Тілеуберді әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты әрбір мемлекеттің ішкі мүддесі ескерілуі қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ ғылым, технология және инновация бағытында өңірлік бағдарламалардың іске асырылатыны мәлім болды.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі:

- Экономикалық, сауда, инвестиция салаларындағы байланысты дамыту талқыланды. Сонымен қатар гуманитарлық мәселелер қаралды. Біз үшін ең маңызды – Еуропада оқитын жастарды қолдау. Мүмкіншілікті кеңейтіп, виза мәселесін болсын, мұның бәрін біріккен мәлімдемеге енгізілетін болады.