Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берді

Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан номері 111т-тайлау учаскесінде үкімет басшысы Әлихан Смайылов өз таңдауын жасады.

Президент сайлауында Премьер-Министр мықты әрі әділетті Қазақстан үшін дауыс бергенін айтты. Бұл елдің алдағы жеті жылдағы даму бағытын айқындайтын маңызды күн. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасағаны дұрыс деп, азаматтарды белсенділік танытуға шақырды. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. ҚР Президентінің сайлауы. Бүгінгі күн еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын айқындайды. Сондықтан әр азамат сайлауда дауыс бергені дұрыс. Егер біз еліміз одан әрі өсіп, өркендей берсін десек, онда барлығымыз азаматтық белсенділік танытуымыз керек. Дауыс берушілер Мемлекет басшысы болуға лайықты кандидатты өздері таңдайды», - деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.