Ерлан Қошанов өз таңдауын жасады

Ел парламентіндегі төменгі палатаның спикері Ерлан Қошанов та саяси науқанда өз таңдауын жасады.

Мәжіліс төрағасы Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде  дауыс берді. Оның айтуынша, бұл тағдыршешті таңдау жасайтын күн. Азаматтар конституциялық құқығын пайдаланып, саяси белсенділік танытатынына сенімді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

– Біз барлық өңірді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көрдік. Сайлауға деген қызығушылығы жоғары. Мемлекетіміздің болашағы осы сайлауға байланысты екенін түсінеді. Сондықтан бүгін сайлау учаскелеріне дауыс берушілер өте көп келеді деп ойлаймын. Мен еліміздің болашағы, тұрақты дамуы үшін дауыс бердім.