ҰҚШҰ парламенттік ассамблея өкілдері сайлау науқанына өз бағасын берді

Сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар байқалмады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы парламенттік ассамблеясының өкілдері осылай мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық миссияға 9 адам кіреді. Олардың басым бөлігі елордадағы дауыс беру науқанын қадағалап жүр. Бірақ алдағы сағатта олар Ақмола өңіріне шығуды жоспарлап отыр. Парламенттік Ассамблея мүшелері елде өтіп жатқан президенттік сайлаудың деңгейі жоғары екенін тілге тиек етті және олар халықтың дауыс берудегі белсенділігін ерекше атап өтті.

Сергей Поспелов ҰҚШҰ ПА жауапты хатшысы:

– Ең алдымен біз сайлау процесінің Қазақстанның заңнамасына сай өткізілуін қадағалап жүрміз. Әзірге біз заңның бұзылғанын байқаған жоқпыз. Азаматтардың дауыс беруіне ешкім кедергі жасаған жоқ.