Асхат Оралов сайлауда дауыс берді

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов та президент сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол таңдауын елордадағы №130 сайлау учаскесінде жасады. Саяси науқанды тарихи күн деп атаған ол, барлық тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырды.

Асхат Оралов, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы:

– Бүгін әр тұрғын өзінің сайлау құқығын пайдаланып, ел болашағы үшін таңдау жасайтын Тәуелсіз Қазақстанның саяси өміріндегі тарихи күн. Еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағыты айқындалар тұста барша қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, сайлауға бір кісідей қатысуға шақырамын.