Президенттік сайлау: Жамбыл мен Қарағанды облыстарында заңбұзушылық анықталған

Ел аумағындағы барлық учаскелерде 22 мыңнан астам байқаушы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партиялық емес байқау орталығының мәліметі бойынша Жамбыл мен Қарағанды облыстарында заңбұзушылық анықталған. Бұл өңірлерде сайлау комиссиясының мүшелері бюллетеньдерге алдын ала қол қою, бюллетеньді артығымен беру дерегі тіркелген. Қазір тиісті шара қабылданып, бюллетендер күшін жойды.