Индонезияда сайлаушылардың белсенділігі жоғары

Джакартадағы №300 сайлау учаскесінде сайлаушылардың 80 проценті дауыс берді. Бөлімше Қазақстан Республикасының Индонезиядағы елшілігінің ғимаратында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Астана уақытымен 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс бергендердің дені – Индонезияда тұратын, жұмыс істейтін және сонда білім алып жүрген Қазақсан азаматтары. Солардың бірі – Болатбек Мұхтарұлы. Отандасымыз ел астанасы Джакартадан алшақ тұрса да, бүгін өз таңдауын жасау үшін 600 шақырым жерден келген.

Болатбек Мұхтарұлы, Джокьякарта ұлттық университетінің өнер факультетінің магистранты:

– Елімізде болып жатқан реформалардан хабарымыз бар және де қолдаймыз. Казақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды өтеу мақсатында Джакартаға келіп, осы сайлауға қатыстым.