Бакуде қазақстандықтар өз таңдауын жасады

Президент сайлауына қатысып жатқан бақылаушылар қатарында Әзербайжаннан 8 адам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ел астанасы Бакуде нөмір №262 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Мұндағы бақылаушылар ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмегенін айтады.

Дәулет Еркенұлы, сайлаушы:

– Біз бүгін Баку қаласында жұмыс істеп тұрып жатқандықтан, осы сайлау учаскесіне келіп отырмыз. Елшілікке, елші мырзаға мына елшілікте істейтін барлық кісілерге көп көп рахмет. Осылай сайлау учаскесін дайындап, бәрі өте керемет деңгейде дайындалған. Сол себептен біз бүгін өзіміздің дауысымызды беріп, келешектегі, келе жатқан 7 жылға деген өзіміздің таңдауымызды жасадық. Келе жатқан енді осы 7 жыл еліміздің берекелі, керемет жылдардың бірі деген үміттеміз.