Еуропада дауыс беру әлі де жалғасып жатыр

Францияда сайлаушылардың жартысы – туристер. Ал Германияда 3 сайлау учаскесі ашылған. Олар Берлинде, Мюнхен және Майндағы Франкфурт қаалсында жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы неміс елінде 300-ден аса сайлаушы тіркелген. Дипломаттар мен олардың туыстары өз таңдауын жасаған. Қазақстандық студенттер де белсенділік танытып жатыр.  

Еңлік, студент:

Дауыс беру үшін Саксония Анхальт федералдық жерінен Берлинге екі сағаттай жол жүріп келдім. Мен Гёттенде оқимын. Жақында ғана 18-ге толдым. Сондықтан дауыс беруге осында келіп отырмын.

Ал Румынияда сайлау учаскесінде дауыс беруге келгендер үшін қазақтың дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Мұнда 130 сайлауші тіркелген.