Exit poll: Ж.Дайрабаевқа сайлаушылардың 3,33% дауыс берді

«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевқа халықтың 3,33 пайызы дауыс берді. Бұл «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты жүргізген экзитполдың алғашқы деректері, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жигули Дайрабаев алдын-ала мәліметтердің мүлдем көңіл көншітпейтінін айтты. Алайда бұл болжам шындыққа жанасатынын айтты.Дәл қазір біздің тілшілер «Ауыл» партиясының штабында тұр. Онда Жигули Дайрабаев қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Жигули Дайрабаев, ҚР президенттігіне кандидат:

– Халық өз таңдауын жасады. Ең алдымен маған сеніп дауыс берген сайлаушыларыма шын жүректен рахметімді айтамын. Саяси науқанда айтылған бағдарламамыз тек сайлаумен тоқталмайды. Бағдарламамызды жүзеге асырып, қарапайым халықтың жағдайын жақсарту үшін күш жігерімді арнаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтаймын. Ел игілігі үшін қызмет етеді деп кәміл сенемін. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысына ел басқару ісінде табыс тілеймін.