loader


АҚШ-тағы қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

Америка Құрама Штаттарында дауыс беру әлі жүріп жатыр.

Биыл алғаш рет Сан-Франциско қаласында сайлау учаскесі ашылды. Бұл Калифорния мен оған жақын штаттарда тұратын отандастарымыз үшін жақсы жаңалық болды. Бұл қала Астана уақытынан 14 сағат артта болғандықтан, дауыс беру таңғы 10-да тоқтатылады. Жалпы мұхиттың ар жағындағы азаматарымыз бұл саяси науқанға бір кісідей ат салысып, белсенділік танытқан. Осы елдегі меншікті тілшіміз Нұрбек Бекен тарқатсын.

Екі айдан кейін 87-ге келетін Тәпен Аухадиевдің тілегі – қазақ елінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш, молшылық болса екен дейді. Сол үшін келіп, кандидатына дауыс берді. 

Тәпен Аухадиев, сайлаушы:

«Жер үшін, ел үшін, ұрпақ үшін, мінекей сол үшін дауыс беріп жатырмыз. Елдің ертеңі үшін, болашағымыз үшін. Жастар мінеки сіздерді көріп отырмыз, біздерге басқа не керек.»

Ал Самал Бұғытаева кеше ғана АҚШ-қа табан тіреді. Вашингтон университінен шақырту алып, тағылымдамадан өтуге келген. Оның түсіне бүгін отызға толды. Туған күнінде арнайы аса маңызды таңдау жасағанын айтады. 

Самал Бұғытаева, сайлаушы:

«Мен үшін бір ерекше сезім. Жалпы Америкада бірінші ретпін. Елшілікте бірінші рет дауыс беріп тұрмын.»

Қазақтар ең көп шоғырланған қала Нью-Йорк. Бүгін де мұндағы учаскеден мегополистың маңындағы қалалардан келген көптеген отандасымызды кезіктіруге болады. 

Ернар Жаркешев, сайлаушы:

«Соноу Гарвардтан осы Нью-Йоркке арнайы дауыс беруге келіп отырмыз. Еліміздің болашағы бүгін шешіліп жатыр, сондықтан азаматтық борышымызды орындап.»

Дауыс беру процестерін тәуелсіз бақылаушылар бастан аяқ қарап жүрді. Олар өздерінің пікірлерін де білдірді.

Мадина Юсубалиева, тәуелсіз байқаушы:

«Сайлау технологиясы орындалды. Бюлетеньдер құпия сақталған. Әркім өзінің кандидатын таңдап, жәшікке салуға толық мүмкіндік жасалған. Заң бұзушылық анықталған жоқ.»

Вашингтон мен Нью-Йорктегі сайлау учаскелері Қазақстан уақыты бойынша таңғы 07:00-де жабылды. Ал Сан-Францискодағы учаске үш сағаттан кейін жұмысын тоқтатады. Содан соң сайлау бюлеттендері саналады. Нәтижесі белгілі болғанан кейін бюлетендерді арнайы алып келген маман Қазақстанға бірден алып кетеді.

Нұрбек Бекен

Сондай-ақ...