Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз Қазақстан халқының Сізге деген сенімін білдіреді. Сіздің бірегей басшылығыңызбен еліңізді реформалауға бағытталған барлық бастамаңыз табысты болатынына және Жаңа Қазақстанды құру ісі ілгерілейтініне сенімдімін", - деп жазды Си Цзиньпин. Сондай-ақ, Қытай Төрағасы Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін жеткізді. Си Цзиньпин өз құттықтауын: "Сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын", - деген лебізімен аяқтады.

ЦИТАТА:

«Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беремін және дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толған уақытта сіздермен бірге мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне қадам басуға дайынмын» деп жазылған жеделхатта.