Қазақстандағы сайлаушылар белсенділік танытты – С.Лебедев

Басқа елдермен салыстырғанда қазақстандық сайлаушылар белсенді.

ТМД байқаушылар миссиясының басышысы Сергей Лебедев осылай деді. Облыстардағы 1 мыңнан астам сайлау учаскелерін аралаған ол, науқан жоғары деңгейде деген баға беріп, құқық бұзушылықтардың болмағанын айтты. ТМД елдерінен Қазақстанға 174 байқаушы келді.

Сергей Лебедев, ТМД байқаушылары миссиясының төрағасы:

- Сайлауалды үгіт насихатта қара пиар болған жоқ. Оппоненнтер бірін бірі даттаған жоқ. Сондықтан бұл сайлауалды компания ашық әрі таза өтті. Бұл кейін сайлау учаскелерінде де сезілді. Бүкіл отбасымен келген сайлаушылар болды. Кей учаскелерде кезектерді байқадық. Өз учаскелерін шатастырғандар да болды. Бірақ саяси науқан процесіне әсер ететіндей қателіктер болмады. Бәрі жоғары деңгейде дайындалған.