loader


Мемлекет басшысы құттықтауларды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ресей Президенті Владимир Путиннің құттықтау жеделхаты түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сіз отандастырыңыздың зор сеніміне ие болдыңыз. Бұл сенім мандаты мемлекетті дамытуға бағытталған Сіздің бастамаларыңызды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Елдеріміз арасындағы серіктестік пен одақтастық табысты дамып келеді. Ынтымақтастығымызды одан әрі бірге ілгерілете береміз», – деп жазылған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Беларусь Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Қос мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі нығаюын талқылады. Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ...